Мақсат Елікбай: Конституциялық реформалардың өзегі – адам құқықтарын қорғау

Бүгін, 15:39 / Дана Ізтілеуова

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы Мақсат Елікбай конституциялық реформалардың өзегі мен Жаңа Конституция жобасының маңызына тоқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Адам мен азаматтың құқықтарын қорғау мәселесі кез келген заманауи мемлекеттің басты басымдығы болуға тиіс. Конституциялық құқықтық реформалардың мәні де дәл осы қағидатты нығайтуға бағытталған.

Бүгінгі таңда Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістер адамның қадір-қасиетін, еркіндігі мен қауіпсіздігін қорғауды жаңа деңгейге көтеруді көздейді. Бұл өзгерістер азаматтардың өз құқықтарын іске асыруына қолайлы жағдай жасап, әділ сотқа қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтеді.

Мемлекет пен қоғам арасындағы сенім құқық үстемдігі арқылы қалыптасады. Заңның барлығы үшін бірдей қолданылуы және мемлекеттік органдардың жауапкершілігі күшейген жағдайда ғана бұл сенім нығаяды.

Конституциялық реформалар тек құқықтық кеңістікті жаңғыртып қана қоймай, азаматтардың құқықтық мәдениетін дамытуға да ықпал етеді. Өз құқығын білетін және оны заңды жолмен қорғай алатын қоғам әділетті әрі тұрақты болады.

Адам құқықтарын нақты қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі қадамдар елдің болашағын айқындайды", – дейді Мақсат Елікбай.