Жаңалықтар

Ұлыбританияда мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтеді

ашық дереккөзі

Ұлыбританияда мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтеді

Ұлыбританияда кезектен тыс парламент сайлауы өтуі мүмкін. Мерзімінен бұрын сайлау өткізу жөніндегі заң жобасы қабылдану үшін депутаттардың үштен екісі дауыс беруі қажет, деп жазады centralasian.org.  Елдің премьер-министрі Тереза Мэй кезектен тыс парламент сайлауын өткізу туралы ұсыныспен шыққан. Оның сөздерінше, Біріккен Королдік үкіметінде Еуропалық Одақтан шығу мәселесінде бірлік жоқ. Парламент премьердің ұсынысына дауыс береді деп күтіледі. Оны лейбористер мен шотландық ұлтшылдар қолдаған. Мэй кезектен тыс сайлау Британияның ЕО-дан шығу кестесіне әсер етпейді дейді. Премьер-министр сонымен бірге Брекситке байланысты қайта референдум өтпейтінін айтты. Ол үкімет Еуропалық одақтан шығу жөніндегі уәдені орындау керек деп есептейді. Қайта референдум өткізу жөніндегі онлайн-петиция бірнеше миллион қол жинаған. 2016 жылдың жазында британдықтардың дені Еуроодақтан шығуды қолдап дауыс берді. Ұлыбритания еуропалық блокқа 1973 жылы қосылған және одан шығатын бірінші мемлекет болады.