Ер мен әйелдің одағы: Конституцияның жаңа жобасында неке ұғымы бекітілді

Бүгін, 11:45 / Дана Ізтілеуова

Конституцияның жаңа жобасында Қазақстанда ер мен әйелдің ерікті одағын ғана неке деп атау бекітілді. Бұл ел құндылықтарын сақтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бүгін Конституциялық реформа жөніндегі комиссия Қазақстан Конституциясының жаңа жобасын таныстырды. Онда заңды неке ұғымына түсінік берілген.

«Неке ер адам мен әйел адамның ерікті және тең құқықты одағы екендігі туралы ереже енгізіледі. Бұл шешім дәстүрлі құндылықтарды ең жоғары құқықтық деңгейде қорғауға және әйелдердің құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған», делінген Конституция жобасында.