"Өміріміздің ең әдемі кезеңі": Фариза Төреәлі қуанышты жаңалығын бөлісті

30 қаңтар, 2026 / Өтей Торғайұлы

Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығы жайлы жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Бүгін осындай ғажап көрініс көрінетін пәтерге ауысып алдық, қуанышымда шек жоқ. Ояна сала Босфорға қарайсың. Сол сәтте-ақ шабытың артып, Алла саған берген миссиясын атқаруға, білім алуға, өмірді сезінуге күш келеді. Алла біздерге сондай мейірімді ғой, кейде адамдар оны сезінбей кетеміз. Оның бізге жоспарлары біздікінен әлдеқайда қайырлы, берекелі. Тек Оған тапсыра алуың керек, өзіңді, өміріңді. Осындай ілім жолына түсіртіп, Босфорға қаратып қойған Раббыма сансыз шүкір.  Осы бір сәтпен бөліскім келді сіздермен. Өміріміздің ең әдемі кезеңінің бірі", - деп жазды Ф. Төреәлі.

Тэгтер:

Фариза Төреәлі қуаныш