Конституциядағы рухани-адамгершілік құндылықтар БҰҰ нормаларына сай нақтыланды – Ерлан Қарин

Бүгін, 17:15 / Інжу Әлихан
Конституциялық сот

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алтыншы отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциядағы «Қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтары» БҰҰ пактісімен сәйкестендірілгенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтары ұғымы төңірегінде түрлі пікір мен талқылау болды. Бұл мәселені комиссия мүшелері Қарлығаш Жаманқұлова, Әділ Балтабай және басқа да қатысушылар көтерді.

Аталған ұсыныстар қабылданып, БҰҰ-ның халықаралық актілеріне сәйкес түзетулер енгізілді. Осыған байланысты жаңа мәтінде комиссия мүшелерінің ұсыныстары толық қамтылды деп айта аламыз», - деді Мемлекеттік кеңесші - Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин.