Парламенттік реформа туралы ғана емес, жалпы Конституцияға қатысты да ұсыныстар келіп түсті – Ерлан Қарин

Бүгін, 17:10 / Інжу Әлихан
Конституциялық Сот

Конституцияның жаңа мәтініне ұсынылып отырған жаңа мәселелер, жаңа нормалар, басқа да өзгерістер тек қана осы ғимараттың қабырғасында комиссия өз жұмысын бастаған уақыт ішінде ғана пайда болған жоқ. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші – Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Конституцияның жаңа мәтініне ұсынылып отырған түзетулер, жаңа нормалар, басқа да өзгерістер тек қана осы ғимараттың қабырғасында, комиссия өз жұмысын бастаған уақыт ішінде пайда болған жоқ.

Бұл жарты жылдан астам уақыт бойы ел азаматтарынан, сарапшылардан, қоғам белсенділерінен, түрлі ұыймдардан келіп түскен ұсыныстар мен басталамалардың жемісі.  Яғни бұл осы күнге дейін жүргізілген түрлі талқылаулардың нәтижесі.

Жұртшылық eOtinish, eGOV платформаларында ашылған арнайы бөлімге Парламенттік реформа туралы ғана емес жалпы Конституцияның құрылымы мен мазмұнына қатысты өз ұсыныстарын жолдаған болатын. Соның нәтижесін 2 мыңнан астам ұсыныс келіп түсті.

Конституциялық комиссия мүшелері сол ұсыныстар мен бастамаларды саралап, салмақтап, Конституцияның жаңа мәтініне лайықтап ұсынуда. Мемлкет басшысы өзінің сөйлеген сөздерінде Конституцияның жаңа редакцияына қатысты ой-пайымын ашық айтып жүр. Яғни жұртшылық пен сарапшылар қауымдастығын Президенттің ұсыныстары мен бастамалары қазір біз әзірлеп жатқан Конституцияның жаңа мәтініне негіз болды. Соны өзегін құрап отыр.

Конституциялық комиссия бірінші күннен жұмысын белсенді, қарқынды бастады», - деді Е. Қарин.

Сондай-ақ Ерлан Қарин жаңа Конституциядағы Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі қағидаттарын атады.

«Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі қағидаттары ретінде егемендік пен тәуелсіздікті қорғау, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру, қоғамдық диалогты дамыту, жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру, төл мәдениетті сақтау және қолдау көрсетілген. Аталған норма жаңа преамбуламен өзара үндесіп отыр. Мемлекет басшысы атап өткендей, Тәуелсіздік - бәрінен қымбат. Осы қағидаттарды жүйелі түрде жалғастыру қажет. Сондай-ақ төл мәдениетті сақтау қағидаты алғаш рет конституциялық деңгейде бекітіліп отыр», - деді ол.