Моңғолиядағы қазақ дауысы

30 қаңтар, 2026 / Túrkіstan IPW

Өткен жылы Моңғол Халық Республикасында Қазақ радиосы ресми құрылып, хабар тарата бастағанына  60 жыл толды.

Ептеп кештеу қалам алып отырсақ та, осы бір айтулы дата тасқа басылып, жа­­­дымызға жазыла берсін деген оймен ше-т­ел­дегі қазақ радиосының айтулы жетіс­тік­те­рін  жария етуді жөн көрдік. Себебі төрт­күл дүниеге тарыдай шашылған елдің бір-бірімен арасы үзілген заманда тек аталған радио көп жағдайда құтқарушы рөл ат­қар­ды. Жергілікті жерлерде зиялы қауымның қалып­тасуына, ағартушылықтың дамуына, тіл жүйелілігін сақтап қана қоймай, заман иірімдеріне бейімделуде өлшеусіз маңызға ие болды.          
Тарих беттеріне көз жүгіртсек, Моңғол Халық Республикалық  партиясының Ор­талық комитеті мен МХР Министрлер кеңе­сі 1965 жылдың 30 маусымында 292/242 қау­лымен Баян-Өлгей қаласында радио ха­бар тарату бекетін ашу жөнінде шешім қа­былдайды. Міне, осы құжат моңғол елінде қа­зақ радиосы құрылуының ресми негізі бол­ды.
Әрине, моңғолшадағы ресми құжат «Баян-Өлгейдегі радио хабар тарату бекеті» деп аталғанымен, хабар қазақша тарал­ған­дық­тан, біз үшін ол қазақ радиосы деп қа­­­был­данары сөзсіз.       
Сол жылдары істің басы-қасында жүрген моңғолиялық қазақ мамандардың түрлі көз­дерде жария еткен естеліктері бізге мы­надай ахуалдан хабар береді. Жоғарыдағы бұй­рықтан соң келер айдың бесінде, яғни 1965-тің 5 шілдесінен бастап радио  хаба­рын тарату стансасы (РХТС) сынақ режи­мін­де іске кірісіп, тамыздың 20-сы күні ха­бар тарату ресми түрде бастау алған. Ха­барлар кешкі мезгілде күнделікті 30 минут қа­зақ тілінде таратылып отырған. 
Бір қызығы, Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына радиоға қажетті желілерді тарту, құрылғыларды орнату секілді инженерлік жұ­мыстар Чехословакия мамандарының қо­лымен 1961-1965 жылдар арылығында жүр­гізілген екен. 
Баян-Өлгейде құрылған радиохабар ре­дакциясының басшылығына Моңғолия мем­лекеттік университетінің түлегі, жур­налист Қизат Мәлікұлы тағайындалған. 
Қ.Мәлікұлы тарихи Отаны Қазақстанға ал­ғашқылардың бірі болып 1992 жылы қо­ныс аударды. 2020 жылы елордада дүниеден өтті.    
Моңғол аймақтық партия коми­те­ті­нің шешімімен тілші болып Ше­рия­з­­дан Нағышұлы, Елікбай Іңірбайұлы де­­ген азаматтар тағайындалған болса, дик­тор­лыққа Қабылахат Әбілмәжінұлы бе­кі­тілген.    
Жалпы, моңғол жерінде радионың қа­зақ­ша хабар тарата бастау тарихы ертеректе бас­талған. Елімізде қазақ радиосының та­ри­хы сонау 1921 жылдан басталса, моңғол же­рінде қазақша хабар тарау 1944 жылғы көк­темгі айлардан бастау алған. Ресми құ­рыл­­маса да, сол кезден бастап аптасына бір рет 5-10 минуттан қазақша хабар моңғол ас­­танасынан таратылып отырған. Жұрт­шы­лық Екінші дүниежүзілік соғыс деректерін, моң­ғол-жапон соғысы туралы ақпарды ра­диодан құлақтанып отырған.  
Өкінішке орай, 1944-те бастау алған бұл іс­тің басы-қасында болған алғашқы буын қа­зақ қызметкерлер туралы деректер толық сақ­талмапты. Белгілісі сол, Ө.Қамбар, О.Ті­лей­хан, А.Соңғыбай, Қабышай Сәдуұлы се­кіл­­ді моңғол астанасында жұмыс істеп, жо­ғары партия мектебінде оқып жүрген жас­тардың ерекше жігері, қоғамдық көмегі ар­қасында Моңғолиядағы радио қазақ ті­лінде қысқа болса да өз тыңдарманына  жол тартқан. Яғни, бастама жанашыр азамат­тар­дың қоғамдық көмегі негізінде жүргізілген. Тек 1947 жылы ғана Моңғолияның Радио ко­­митетінде саяси редактор штаты ашылып, оған МХРП ОК шешімімен ұлты қазақ ма­ман Қ.Сәдуұлы тағайындалады. Аталған аза­мат, моңғол астанасынан қазақ тілінде ра­дио хабар тарату ісін 1955 жылға дейін өзі­нің партиядағы негізгі жұмысымен қатар алып жүреді. Айта кетерлігі, Қ.Сәдуұлы моң­ғол радиосының қазақ тіліндегі тара­ты­лы­мын өзі дайындап, өзі оқитын болған.    
1957 жылы Моңғолияның Радио коми­те­­­тінде алғаш рет қазақ редакторы үшін рес­ми штат ашылады да, оған Моңғолиядағы қан­дастар арасынан шыққан алғашқы кәсі­би журналистердің бірі, аудармашы Қизат Мәлікұлы тағайындалады.           
Әрине, белгілі бір идеология аясында бас­қарылатын кез келген мемлекет­те болатындай, Моңғолиядағы қазақ радио­сы да «социалистік дамуға бет алған» моң­ғол қоғамын жақсы жағынан көрсетуді на­­­­­сихат ететін ақпараттық құрал ретінде құ­рылған еді. Мақсатына сай, радио күн­де­лік­ті эфирде партия, үкімет, аймақ жаңа­лық­тарын айтып, елдегі шаруашылықтың түрлі саласында болып жатқан оқиғалар ту­ралы хабарлар таратты. Бұл сипаттағы ха­барлар «Уақыт және уақиға», «Партия тұр­мы­сы» деген айдарлармен таныстырылып тұр­ған. 
Әйтсе де, қанша жақтан идеология құ­ра­л­ы болса да, сондағы ұлты қазақ қыз­мет­кер­лердің ат салысуымен радио Моңғо­лия­да­ғы қазақ қоғамының тұрмыс-мәдениетіне леп берді, радио мұрағаты ел арасында ша­шырап жатқан өлең-жыры, өнері жа­зы­лып, жинастырылған алтын қорға ай­налды. Өйт­кені редакция ресми жаңалықтармен шек­телмеуге тырысып, «Жауқазын», «Дала ди­дары», «Ауыл мәдениеті», «Әдебиет» секіл­ді айдарлармен халық мәдениетін жариялап отыр­ған. Маңыздысы сол, қазақ радиосы моң­ғол жеріндегі қазақ интеллектуалдық ақыл-ойының, әдебиеті мен жазушы­лы­ғы­ның бағдары мен шаңырағына айналды. 
Моңғолиядағы Қазақ радиосы 1965 жы­лы ресми ашылған күннен бастап 1989 жыл­ға дейінгі жиырма бес жыл бойы хабар­лар­ды күніне 30 минуттан таратып келсе, осы жылдан бастап 1 сағатқа дейін ұзар­тыл­ды. Бұл да Кеңес Одағы  жүйесіндегі сер­пі­ліс­тердің моңғол елінде білінген дүмпулері мен демократияның жылымық лебі нәти­же­сінде мүмкін болды. 
Баян-Өлгейде тұрып жатқан аға буы­ны бар, атамекенге оралғаны бар, «То­ғыздың хабары» туралы тіл қата қал­саңыз, елең етпейтіні аз. Осы бір сөз ел ара­сы мен санасына мықтап орнығып, бір дәуір­ге тән символдардың қатарына айнал­ған. Баян-Өлгейде қазақ радиосы ашылған күннен бастап хабарлар тек кешкі тоғызда таралатын. 
Істің басы-қасында болған алдыңғы буын өкілдері «жұрттың шаруасына жайлы бол­сын деген қаммен кешкі тоғызға қой­дық» деп естелік айтса, кейінгі буын «бастау алып, дәстүрге айналған ырғақты сол күйі жал­ғастыра бердік» дейді. Қалай болғанда да, «Тоғыздың хабары» ел санасына заман­ның айықпас белгісі, тыңдарманның күндегі тұрмысының өзгермес бір қалыбы ретінде орныққаны байқалады. 
«Тоғыздың хабарына» қатысты тағы жаңа­лығы 1990 жылдан бастап «Тоғыздың ха­барын» Түркештің «Көңілашар» күйімен бас­тауды дағдыға айналдырған. «Тоғыздың ха­барын» Өлгейдегілердің бәрі тың­дай­тын­дықтан, «өзгеріс» ел арасында әжептеуір әбі­­герлік тудырып, тіпті, тыңдарман нара­зы­лықтарын білдірген. Себебі 1960 жыл­дар­дан бастап Бейсенбі бидің «Кеңес» күйі­мен ғана басталатын еді. Тыңдарманның са­на­сына әбден сіңісті болғандықтан, жұрттың күнделікті тұрмысының мызғымас бір бел­гісіне айналғаны сонша, аудитория жаңа­шылдықты емес, қалыптасқан үрдісті қа­лады. 
1990 жылдар қандастар атамекен шаңы­ра­ғы астында алғаш қауыша бастады. 1992 жыл­дың қазанында Алматыда Дүниежүзі қа­зақтарының алғашқы Құрылтайы өтті. Міне, осы шараны Алтайдың арғы бетіндегі ағайынға жеткізу қамымен Моңғолиядағы қазақ радиосы арнайы тілші етіп бүгінде Алашқа аты мәшһүр ақын Сұраған Рахмет­ұлын жібереді. Бұл сапар радионың қызмет­керін шетелдік сапарға алғаш рет жіберген сәті еді.  
Заманның кереғар лебіне қарамастан радио моңғол жеріндегі қазақты атамекен­мен жалғап отыруға ұмтылды. 1966 жылы Сәбит Мұқанов бастаған қазақ жазушы­лары­ның делегациясын Баян-Өлгейге сапар­мен барып, жергілікті қазақ радиосы арқы­лы атамекеннің сәлемін жеткізді.
Радио арқылы Баян-Өлгейдегі қазақ Ата­мекендегі мәдениет ауасымен тыныстап отыр­ды. Қазақ руханиятының асыл мұра­лары қазақ радиосының дикторлары ар­қы­лы қалың елге эфирден оқылды.
Моңғолиядағы қазақ радиосы, ол елде кейін пайда болған басқа да БАҚ жалпы қа­­зақ журналистикасының құрамдас бөлігі еке­нін ұмытпауымыз керек.
 

Алмат АЛТАЙ,
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы қызметкері

Тэгтер:

Моңғолия Қазақ радиосы