Цукерберг Facebook-тің кісі өлтіруді насихаттау үшін қолданылуына тосқауыл қоймақ

Цукерберг Facebook-тің кісі өлтіруді насихаттау үшін қолданылуына тосқауыл қоймақ

Цукерберг Facebook-тің кісі өлтіруді насихаттау үшін қолданылуына тосқауыл қоймақ
ашық дереккөзі
Соңғы уақытта Facebook тікелей эфиріндегі суицид немесе кісі өлтіру деректері жиілеп кетті. Марк Цукерберг әлеуметтік желінің жантүршігерлік қылмыстарды насихаттау үшін қолданылуына тосқауыл қоюға уәде етті. Бұл туралы «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Өткен жексенбіде әлеуметтік желіні пайдаланушы Стив Стивенс 74 жастағы қарияны атып өлтірген болатын. Стивенс қылмысын жасау барысында Facebook-тің тікелей эфиріне қосылған және бұған дейін де бірнеше адамды өлтіргенін айтқан. Бірақ бұл мәлімдемелерінің нақтылығы әлі анықталмады. Кейін белгілі болғандай, Пенсильвания штатында полицейлерден қашпақ болған Стивенс, өз-өзіне қол салған. «Біз мұндай қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз», — деп мәлімдеген Цукерберг қаза болған Кливленд тұрғыны Роберт Гадвиннің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.