Өскеменде жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді

Бүгін, 09:01 / Інжу Әлихан
Оlympic.kz

Өскемен қаласында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін жеңіл атлетикадан ірі халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған жарыс World Athletics Indoor Tour сериясының Silver санатындағы кезеңге жатады.

Сайыста жүгіру түрлерімен қатар техникалық дисциплиналар бойынша да медальдар сарапқа салынады.

Турнирде көрсетілген нәтижелер World Athletics-тің әлемдік рейтингіне есепке алынады.

Жарыс 14 ақпанда Өскемендегі Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында өтеді. Кіру - тегін.