Биыл 121,263 млрд теңге көлемінде бюджеттік несиелер қарастырылмақ

Биыл 121,263 млрд теңге көлемінде бюджеттік несиелер қарастырылмақ

Биыл 121,263 млрд теңге көлемінде бюджеттік несиелер қарастырылмақ
ашық дереккөзі

Қазақстанда 2015 жылға арналған республикалық бюджетте жергілікті атқарушы органдарға 121,263 млрд теңге соммасына бюджеттік несиелер қарастырылды деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі. 2015 жылы аймақтардағы ең үлкен бюджеттік несиелендіру жылумен, сумен жабдықтау және су бұрғыш жүйелердің қайта құрылуына, сонымен қатар жөндеу жұмыстарына бағытталмақ.

Бұл үшін ҚР Ұлттық қорынан 46,1 млрд теңге қарастырылып отыр. Мұнда ең ірі несиелер Астана (11,331 млрд теңге), Алматы (5,780 млрд теңге) және Ақтөбе облысы (3,760 млрд теңге) бөлінбек. Ұлттық қордан бөлінетін басқа мақсатты транферт есебінен жылумен, сумен жабдықтау және су бұрғыш жүйелердің қайта құрылуы мен құрылысы үшін облыс бюджеттерін, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерін несиелендіруге 13,9 млрд теңге бағытталады. Министрлік таратқан мәліметке сүйенсек, 1,8 млрд теңге — Ақмола облысының Есіл қаласында жылу желілері бар орталық қазандықты салуға, 2,1 млрд теңге — Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында магистральді жылу желілерін салуға,  1,6 млрд теңге — Шымкент қаласының магистральдық жылу желілерін қайта құруға, 1,4 млрд теңге — Алматыдағы «Көк-Жайлау» тау шаңғы кешені үшін канализациялық коллектор салуға жұмсалмақ.

Ең көп бюджеттік несие — 7 млрд теңге — Астана қаласы сол жағалаудағы жылу магистральдарын салуға бөлінеді деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, тұрғын үйлер салу үшін жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік несиелерін бөлуге 2015 жылы 10,848 млрд теңге қарастырылып отыр. Осы қаражаттың көп бөлігі Астана қаласына (3,9 млрд теңге), Ақтөбе облысына (1,989 млрд теңге) және Қарағанды облысына (1,4 млрд теңге) бағытталмақ.