Синоптиктер еліміздегі бүгінгі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
2026 жылғы 30 қаңтарда Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.