Шектеулер туралы мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеген, деп хабарлайды turkystan.kz.
“Қытай Халық Республикасында Көктем мерекесінің атап өтілуіне байланысты 2026 жылдың 16–18 ақпан аралығында Қазақстан–Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттерінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды”, – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, шекарадағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.