"Ең қауіпті көрсеткіш": "Ақырзаман сағаты" түн ортасына тағы жақындады

Бүгін, 18:15 / Ербұлан Қайрат
сурет: thebulletin.org

Ғалымдар символдық «Ақырзаман сағатының» тілін ядролық апатқа апаратын "түн ортасына" тағы да жақындатты. Биыл сағат көрсеткіші төрт секундқа ілгері жылжып, адамзат үшін ең қауіпті шекке бұрынғыдан да таяды, деп хабарлайды turkystan.kz Bulletin of the Atomic Scientists-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы "Атом ғалымдарының бюллетені" (Bulletin of the Atomic Scientists) журналының бас директоры Александра Белл онлайн брифинг барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, 2025 жыл ішінде адамзат жаһандық, экзистенциялық қауіптерді азайту бағытында айтарлықтай ілгерілеу көрсете алмаған.

Қазіргі уақытта "Ақырзаман сағаты" түн ортасына дейін 85 секундты көрсетіп тұр. Бұл – сағат тарихындағы ең қауіпті көрсеткіш. Бұған дейін адамзат мұндай межеге ешқашан жақындамаған.

Ғалымдардың бағалауынша, ядролық қатер, геосаяси тұрақсыздық, климаттың өзгеруі және жаңа технологиялармен байланысты тәуекелдер бір-бірімен қабаттасып, әлемдік қауіпсіздікті бұрын-соңды болмаған деңгейде әлсіретіп отыр.

"Ақырзаман сағаты" – нақты уақыт өлшемі емес, адамзаттың өз болашағына қаншалықты қауіпті жақындағанын көрсететін ғылыми символ. Оның әр қозғалысы әлемдегі қауіп деңгейінің артқанын немесе азайғанын білдіреді.

Тэгтер:

Ақырзаман сағаты түн ортасы