Қазақстандағы білім және тәрбие беру жүйесі зайырлы екенін Конституцияда бекіту қажет – Жақсыбек Құлекеев

Бүгін, 17:45 / Інжу Әлихан

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының ғылыми жетекшісі Жақсыбек Құлекеев елімізде білім және тәрбие беру жүйесі зайырлы екенін Конституцияда бекіту қажет екенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бұл жерде мен Диқан Қамзабекұлы айтқан орынды ұсныстарды атап өтіп, білім беру деген сөзді тек білім деген сөзбен алмастырған жеткілікті болатынын еске салғым келеді.

Келесі ұсынысым 30-бапқа тиесілі. Бұл бап қазіргі жобада 5 тармақтан тұрады. Оның алғашқы төрт тармағы еш өзгеріссіз айналымдағы Конституция нормаларынан алынып отыр. Ал бесінші тармақ жаңа норма. 5-тармақтың мәтіні былай: (Рухани діни білім беру ұйымдарын қоспағанда) Қазақстан Республикасындағы ұйымдар мен мекемелерде білім және тәрбие беру жүйесі зайырлы сипатқа ие.

Бұл - Конституцияның бірінші бабының бірінші тармағынан туындап отырған біздің зайырлы мемлекет екенімізді айқындай түсетін норма. Осы норманы қолдасаңыздар онда қоғамда әлсін-әлсін кездесіп қалатын кейбір қайшылықтар заңды негізде өз шешімін табатыны анық. Сөзімнің соңында ұснысытарымды тағы саралап. қолдауларыңызды сұраймын», - деді .