Әнші Димаш Құдайберген өзі продюсерлік ететін "Voice Beyond Horizon" (Көкжиектен асқан үн) халықаралық тележобасының басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Қазақстан шоу-бизнесін халықаралық дәрежеге шығаратын кез келді.Біз енді көрермен емеспіз. Біз — сахнамыз.Индустриямызды,туризмды,экономикамызды шоу бизнес арқылы көтеруге дайынбыз.Осы байқауда жаңа есімдер, жаңа сапа, жаңа көзқарас туады.Бұл шоуды көру — жай көрермен болу емес,
Қазақстан шоу-бизнесінің жаңа дәуірін қолдау.Әлем бізді тек талантты деп емес, ықпал ететін мәдени хаб ретінде тануы керек.Сол мүмкіндікті бірге жасайық.Сіздерден тек "Voice Beyond Horizon" парақшасына тіркеліп әлеуметтік желілерден қолдау ғана күтеміз.Жаңа қадам құтты болсын!», - деді әнші.
Еске сала кетейік, аталған жобада Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербиядан келген орындаушылар бақ сынайды.
Әлемдік деңгейдегі мегажобаны жақында «Qazaqstan» телеарнасынан тамашалауға болады.