29 наурыздан бастап «Air Astana» әуе компаниясы Алматы – Шанхай бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастайды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Көлік министрлігінің мәләметінше, рейстер аптасына 3 рет – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.
Нәтижесінде Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 81-ден 84-ке дейінартады.
Рейстердің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтілуде.