Жетісу облысында аудан әкімінің орынбасары 5 жылға сотталды

Бүгін, 11:02 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Алакөл ауданының Арқарлы ауылында электр желілерін салу және қайта жаңғырту кезінде аудан әкімінің орынбасары қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, іс жүзінде орындалмаған жұмыстар туралы актілерге қол қойған. Нәтижесінде бюджет есебінен 189 млн теңгеден астам сома заңсыз аударылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, мемлекеттік айыптау ҚР ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы (ауыр салдарға әкеп соққан қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану,) бойынша қылмыс жасаған лауазымды тұлғаның кінәсін толық дәлелдеді.

Алакөл аудандық сотының үкімімен ауданәкімінің орынбасары мүлкін тәркілемей, 5 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Қабылданған шаралар қадағалау органының қағидатты ұстанымын көрсетеді: атқаратын лауазымына қарамастан заңалдында барлығы тең.

Тэгтер:

Жетісу облысы аудан әкімі орынбасар