«Қайрат» Чемпиондар лигасының тарихи маусымында қанша табыс тапты?

Бүгін, 09:57 / Дана Ізтілеуова
"Қайрат" ФК

Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде алғаш рет ойнаған алматылық «Қайрат» ойыншылары қомақты қаржы табуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қайрат» ойыншылары Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде 8 кездесу өтізіп, 1 ұпай жинады. Олар тек кипрлік «Пафос» (0:0) клубымен тең ойнады. Қалған жеті командадан, атап айтсақ, португалиялық «Спортинг» (1:4), испандық «Реал» (0:5), италиялық «Интер» (1:2), даниялық «Копенгаген» (2:3), грекиялық «Олимпиакос» (0:1), бельгиялық «Брюгге» (1:4) және лондондық «Арсенал» (2:3) клубтарына есе жіберді.

Sports.kz мәліметінше, алматылық клуб Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққаны үшін 18,62 миллион еуро (11,23 миллиард теңге) көлемінде қаражат алады. Жалпы кезеңде тең ойнағаны үшін тағы 700 мың еуро (422,1 миллион теңге) беріледі. Осылайша, «Қайрат» клубының қоржынына жалпы сомасы 19,32 миллион еуро (11,65 миллиард теңге) түсті. Еурокубок маусымы аяқталған соң бұл сомаға телевизиялық дәне маркетинг құқық сатылымынан түскен қаражат тағы қосылады.

Тэгтер:

Қайрат Чемпиондар Лигасы алматылық клуб