Елордада көпір үстінде үш көлік жол-көлік оқиғасына ұшырады. Оқиға бүгін, яғни сәрсенбі кешінде болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жол апатының мән-жайын қала полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Toyota көлігінің жүргізушісі Сарайшық көшесімен Түркістан көшесі жағынан келе жатып, көпір үстінде көлікті басқара алмай, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан қарсы бағытта түзу келе жатқан Lada және Skoda көліктерімен соқтығысқан», — делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, екі адам қаза тапқан. Оқиғаға қатыстсы қылмыстық іс қозғалды.