Нұрай Серікбайдың өліміне күдіктіге қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды

28 қаңтар, 2026 / Өтей Торғайұлы
Фото: Qaz365.kz

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне байланысты тергеуде жаңа мән-жайлар қаралып жатыр. Полиция күдіктіге қатысты сталкинг фактісі бойынша да қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осыған байланысты қазір күдіктінің іс-әрекеті бірден үш бап бойынша тіркелген:  «Адам өлтіру»,  «Алып қашу» және «Сталкинг».

Дегенмен марқұмның отбасының адвокаты бұл саралаумен келіспейтінін мәлімдеді. Жәбірленуші тараптың қорғаушысы Аянхан Омаров айыптауды қатаңдату қажет деп есептейді.

Адвокаттың айтуынша, әлеуметтік желілерде тараған Нұрайдың екі фотосуретіне сүйеніп, күдіктінің әрекетін ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша, яғни «аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру» ретінде саралау орынды.

«Біз тиісті өтінішхатты жолдадық. Қазір оның жауабын күтіп отырмыз», — деді Аянхан Омаров.
 

Тэгтер:

Шымкент Нұрай Серікбай