Екі жастағы британдық бала Гиннестің рекордтар кітабына енді

28 қаңтар, 2026 / Өтей Торғайұлы

Ұлыбританиялық Джуд Оуэнс есімді бүлдіршіннің жасы үшке де толмаған. Ол бильярдтың бір түрі – снукерден кәсіби ойыншы болуға ұмтылып жүр. Жуырда бұл бүлдіршіннің есімі Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы knife.media жазған.

Бәрі рекорд иесінің әкесі Люк Оуэнстің ұлына шағын бильярд үстелін сыйлауынан басталған. Джуд снукерге қызығып, көп ұзамай ересектер ойнайтын үстелдерде де ойнай бастаған. Шарларға қолы жету үшін бала кішкентай орындыққа шығып теңселіп тұрады. Әкесінің айтуынша, жас спортшы кийді өте сенімді ұстайды.

«Қазір ол мені снукерден жеңе алмайды. Бірақ бірнеше жылдан кейін ол мұны оңай-ақ жасайтын шығар деп ойлаған ұнайды», – деп мойындады Люк Оуэнс

Джудтың шеберлігі соншалық ерекше болғандықтан, ол 2 жас 261 күнінде снукерде «қос сенберри» (double pot, дабл пот) жасаған ең жас ойыншы ретінде танылды. Қарапайым тілмен айтқанда, бала киймен бір соққы жасап, екі шарды бірден екі бөлек қалтаға түсірген.

Жас бильярдшыны снукер әлемінің жұлдыздарымен де таныстырып үлгерген. 

«Ұлымның бір күні әлем чемпионы болғанын қалаймын. Сондықтан егер ол соған қол жеткізсе, бұл менің ең үлкен арманым болар еді», – деді Люк.
 

Тэгтер:

бильярд Гиннес снукер