"Аса қиын деп айта алмаймын": Темірлан Анарбеков "Арсеналға" қарсы кездесу туралы

28 қаңтар, 2026 / Өтей Торғайұлы

«Қайрат» қақпашысы Чемпиондар лигасындағы «Арсеналға» қарсы матч алдында журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Баспасөз мәслихатында Темірлан Анарбеков "Арсеналға" қарсы ойынның ауыртпашылығы жайлы айтты.

"Біз дайындалып жатырмыз. Бұл аса қиын деп айта алмаймын. «Брюггеге» қарсы матчтағы қателеріме келсек, футболда бәрі болады. Стандарт кезінде қорғаныста жауапкершілікті арттырып, бір-бірімізге көбірек көмектесіп, ойынға мұқият дайындаламыз", - деді "Қайраттың" қақпашысы.

Сондай-ақ ол "Арсеналға" қарсы ойнау бала күнгі арманы екенін атап өтті.

"Қайталап айтамын, бұл — бала күнгі арманым. Балалық шағымда ағылшын Премьер-лигасы матчтарын үнемі теледидардан көретінмін. Сондықтан сезім ерекше. Ойын алдында қандай эмоция болатынын көреміз. Біз Чемпиондар лигасында жеткілікті матч өткіздік, өзімізді сенімдірек сезінеміз. Алаңға күрессіз шықпаймыз", - деді Т. Анарбеков.

Тэгтер:

Футбол арсенал Қайрат қақпашы Темірлан Анарбеков