Мыж-мыж, кір-кір киім сәнге айналды: Prada сән үйі тосын топтамамен таң қалдырды

Бүгін, 18:15 / Ербұлан Қайрат
сурет: VOGUE / коллаж: turkystan.kz

Prada сән үйі 2026 жылғы күз-қыс маусымындағы ерлер топтамасында тосын шешім ұсынды: мыжылған, кірлеген жейделер подиумға шықты. Миланда өткен көрсетілімде модельдердің жағасы мен жеңінде кофе секілді әдейі жасалған дақтар болды. Бұл – ұқыпсыздық емес, саналы концепция, деп хабарлайды turkystan.kz vogue.com-ға сілтеме жасап.

Дизайнерлер Миучча Прада мен Раф Симонс осылайша заманауи кеңсе өмірін идеализациялаудан бас тартатынын көрсетті. Олардың ойынша, бүгінгі жұмыс күні мінсіз емес: кейде жұмысқа кешігесің, кейде жейдені үтіктеуге уақыт таппайсың, ал кейде асығыс жүріп үсіңе кофе төгіп аласың.

Prada бұл топтама арқылы «бәрі бақылауда» деген иллюзиядан арылып, күйзеліс пен шаршауға толы кеңсе шындығын сән тілімен жеткізуді мақсат еткен. Яғни мыжылған көйлек пен кір жең енді салақтықтың емес, заманның шынайы бейнесі.
 

Тэгтер:

сән кір Prada