Түркістан тұрғыны үш жылдан бері әділдік іздеп, 16 жастағы қызын қорлағандардың қамалуын талап етуде, деп хабарлайды turkystan.kz.
Отырар телеарнасының айтуынша, тұрғынның 16 жастағы қызын әлеуметтік желіде танысқан жігіт кездесеміз деген желеумен көлікке отырғызып, телефонын тартып алған. Кейін жалдамалы пәтерге апарып, зорлық көрсеткен.зорлық көрсеткен.
Жәбірленушілер бірнеше рет құзырлы органдарға шағымданғанымен, күдікті әлі күнге дейін жауапқа тартылмаған.
«Сол қолымен көкірегімді басып, шешіндіре бастады, сөйтіп маған айтты, “қазір видео түсірем, өз еркіммен келдім деп айтасың” деді. Әйтпесе бұл жерден шықпаймыз деді», - дейді жәбірленуші.
Оқиғадан кейін жігіт қызды Түркістан облысындағы үйіне алып кеткен. Ал қызын іздеп барған 70 жастағы қарт әкесін де соққыға жығып, күш қолданған көрінеді. Осыдан соң отбасы полицияға арыз түсірген.
«Қызыңыз өзі қалам деп жатыр деді. Не қыласыз жігітті қаматқанда, қызды үйге апарғанда не істейсіз? Ол бүлініп қойған. Үйге барған соң отырып қалады. Ешкім алмайды деп әңгіме айта бастады. Әлгі баланы сотталатын болса 20 жыл беріп, кастрация істесе аянышты емес па деп айтты», - дейді әкесі.
Арада көп ұзамай қылмыстық іс жабылған. Ал қыз күдіктінің үйінде үш ай тұрған. Жәбірленуші осы уақыт ішінде жігіт оның шәкіртақысын тартып алып, бірнеше рет ұрып-соққанын айтады. Отбасы қайта шағымданғанымен, күдікті жазаға тартылмаған.
Жәбірленуші тарап Бас прокуратураға дейін шағымданған. Алайда іс қайтадан жергілікті органдарға жолданған. Ал Шымкент қаласының прокуратурасы қылмыстық істің тоқтатылғанын ғана хабарлады.