Australian Open: Рыбакина әлемнің 2-ракеткасын ұтып, жартылай финалға өтті

Бүгін, 07:33 / Нұрлан Әлинұр
Қтф

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шықты.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 2-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекке тап келді.

Азулы қарсыластар осыған дейін өзара 11 рет кездесіп, соның алтауында Швентек жеңген еді.

Бұл жолы теннисшілер ойынды брейк алмасумен бастады. Дегенмен есеп 6:5 болған мезетте Рыбакина брейк жасай білді – 7:5.

Екінші сетте Елена бірден алға кетті – 2:0. Содан кейін бет қаратпай, матчты эйспен түйіндеді – 6:1.

Бір сағат 35 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 11 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Швентек 3 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.

Осылайша, қазақстандық теннисші спорттық жолында екінші рет Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін америкалықтар, әлемнің 4-ракеткасы Аманда Анисимова немесе рейтингіде 6-орындағы Джессика Пегуланың жеңгенімен таласады.