Бүгін астаналық оқушылар қашықтан оқиды

28 қаңтар, 2026 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астанада ауа райына байланысты бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасы хабарлады.

2026 жылғы 28 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Айта кетелік "Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 28 қаңтарда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасаған еді.