Испанияда балалардың корридаға баруына тыйым салынуы мүмкін

Бүгін, 23:25 / Өтей Торғайұлы

Испанияның Балалар және жастар ісі жөніндегі министрлігі кәмелетке толмағандардың корридаға баруын тыйым салуды ұсынып отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы ведомство басшысы Сира Рего мәлімдеді.

«Балалар мен жасөспірімдер жануарларға зорлық көрсетілетін іс-шараларға, мысалы, корридаға қатыса да, көрермен ретінде де бара алмайды», — деп жазды министр Bluesky әлеуметтік желісінде. Оның айтуынша, бұл ұсыныс балалар мен жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан жан-жақты қорғау туралы заңды кеңейту аясында қарастырылып отыр.

Айта кетейік, Испания бұқалар қатысатын түрлі шоуларымен және мерекелерімен танымал. Коррида — дәстүрлі испандық көрініс, ол тореадордың бұқамен айқасы болып саналады және көп жағдайда соңында жануар өлтіріледі. 

Тэгтер:

Испания коррида