Индонезияда болған сел салдарынан 48 адам қаза тапты

Бүгін, 22:23 / Өтей Торғайұлы

Индонезияның Батыс Ява провинциясында болған көшкін салдарынан қаза тапқандар саны 48 адамға дейін артты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қаза болғандардың 30-ының жеке басы анықталды.

Бұл туралы Antara агенттігі Индонезияның Табиғи апаттарды басқару жөніндегі ұлттық агенттігіне сілтеме жасап мәлімдеді.

Қалған 18 адамның кім екендігін анықтау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Іздеу жұмыстарын жеделдету үшін билік арнайы үйретілген иттерді де тартқан.

Оқиға 24 қаңтарда Батыс Бандунг округінде болған жауын-шашыннан пайда болған сел Пасир Лангу елді мекенін басып қалған.

Тэгтер:

Индонезия сел