"2 млн доллар "әкелдім": Қуат Хамитов футбошылардан айырмашылығын айтты

Бүгін, 22:00 / Өтей Торғайұлы

ММА жауынгері Қуат Хамитов Қазақстан футболшыларынан қандай артықшылығы барын айтып, оған дәлел келтірді , деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстанның танымал файтері Instagram-дағы Kzsports аккаунтында жарияланған жазбаға пікір білдірді. Онда Чемпиондар лигасындағы «Қайратқа» қарсы матч алдында «Арсенал» жанкүйерлері Алматы командасын троллинг жасап, оның деңгейін Лондоннан шыққан АПЛ-дің алпауыт клубымен салыстырған еді.

«Мен айтқан масқара дәл осылай естіледі», — деп жазды Хамитов жарияланымның астына.

Алайда «Қайрат» жанкүйерлері жауап беріп, ММА жауынгерінің халықаралық жетістіктеріне күмән келтірді.

«Мансабымдағы 40 жекпе-жекте мен өзге елдерден 2 миллион доллар “алып”, оны Қазақстанға әкелдім! Ал сендер, футболшылар, ақшаны Қазақстаннан алып кетесіңдер! Оның үстіне бұл — халықтың ақшасы, айырмашылығын сезесің бе?!» — деп жауап берді спортшы.
 

Тэгтер:

Футбол Қуат Хамитов