Астанада ертең бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқу форматына көшірілді

Бүгін, 20:57 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзден

Астанада ауа райы жағдайларының нашарлауына байланысты оқушылардың бір бөлігі уақытша қашықтан оқыту форматына көшеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылғы 28 қаңтарда бірінші ауысымдағы 0–6-сынып оқушылары онлайн оқиды. Бұл шешім қолайсыз ауа райы жағдайында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.

Сабақтар бекітілген кестеге сәйкес қашықтан форматта өтеді.

Ата-аналар мен оқушылардан мектептердің және білім беру платформаларының ресми хабарламаларын қадағалап отыру сұралады.

Тэгтер:

Астана оқушы онлайн