Пхеньян: АҚШ бізге қарсы әскери күш қолданса, соғыс бастауға дайынбыз
Пхеньян: АҚШ бізге қарсы әскери күш қолданса, соғыс бастауға дайынбыз
Пхеньян халықаралық қауымдастықтар мен мемлекеттердің сын пікіріне қарамастан зымырандарды сынақтан өткізуін жалғастыра береді. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрінің орынбасары Хан Сонг Рель мәлімдеді, деп жазады 24.kz.
Оның айтуынша, Солтүстік Корея зымырандарды апталық, айлық және жылдық негізде сынақтан өткізеді. Сонымен қатар саясаткер егер АҚШ Солтүстік Кореяға қарсы әскери күш қолданатын болса, соғыс бастаудан да тайынбайтынын ескертті.
Еске сала кетейік, Корей түбегіндегі ахуал 2016 жылдың басынан бері ушығып тұр. Оған Солтүстік Корея билігінің ядролық сынақ өткізуі себеп. Оған қоса Пхеньян 4 баллистикалық зымыранды ұшырды. Мұны Жапониядағы америкалық базаларды талқандауға дайындық деп мәлімдеген мемлекеттің іс-әрекеті әлемдік қауіпсіздікке қатер төндіріп тұр.