Түркістандағы 70 мектептің асханасында санитариялық талаптар сақталмаған

Бүгін, 14:29 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Түркістан облысының прокуратурасы білім беру ұйымдарының асханаларын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Талдау нәтижесімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында асханаларды жаңғыртып, пайдалануға алған кәсіпкерлердің 70 мектепте санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз қызмет атқарып келгені анықталды.

Түркістан облысының прокуратурасы аталған заң бұзушылықтар бойынша облыс әкімдігіне және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қадағалау актілерін енгізді.

Нәтижесінде 50 білім беру мекемесі санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларын алды және 12 184 балаға тиісті қызмет көрсетіледі.

Орын алған заң бұзушылықтар бойынша мектеп әкімшілігі мен кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 463-бабының 1-бөлігіне сәйкес 81 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 7,3 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң бұзушылықтарды жою мәселесі Түркістан облысы прокуратурасының тұрақты бақылауында