Оңтүстік Кореяда прокуратура алаяқтардан биткоин тәркілеп, кейін өзі айырылып қалды, мекеме фишингтің құрбаны болды, деп хабарлайды turkystan.kz chosun.com.
Оңтүстік Корея прокуратурасы қаржы алаяқтарынан криптовалюта тәркілепсақтай отырып, өзі күтпеген жерден алаяқтардың құрбанына айналды. Тергеу деректеріне сүйенсек, мекеме қызметкерлері жалған сілтемелер арқылы фишингтік шабуылға алданып, тәркіленген барлық криптоактивті үшінші тұлғаларға беріп қойған.
Ресми түрде шығын көлемі жарияланған жоқ. Алайда жергілікті ақпарат көздері жоғалған қаражат шамамен 48 млн доллар болуы мүмкін екенін айтады.
Сарапшылар бұл жағдайды мемлекеттік органдардың цифрлық қауіпсіздікке жеткілікті көңіл бөлмеуімен байланыстырады.