Әрбір оныншы IT маманы ештеңе істемей қыруар ақша табады − Стэнфорд зерттеуі

Бүгін, 18:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Стэнфорд университетінің зерттеуі ірі технологиялық компанияларда жұмыс істейтін IT-мамандардың едәуір бөлігі жұмысты тек «имитациялайтынын» көрсетті. Ғалымдар Microsoft пен Google сияқты корпорацияларда еңбек ететін 50 мың қызметкердің деректерін талдаған, деп хабарлайды turkystan.kz stanford.edu-ға сілтеме жасап.

Нәтижесінде қызметкерлердің шамамен 9,5 пайызы нақты өнімді жұмыс істемей, тек белсенділік бар сияқты әсер қалдыратыны анықталған. Олар кодқа болмашы өзгерістер енгізіп, тапсырмалардың бір бөлігін ChatGPT сияқты жасанды интеллект құралдарына тапсырады. Соған қарамастан, басшылық бұл қызметкерлерді мықты маман ретінде қабылдап, жалақысын өсіріп, сыйақы тағайындайды.

Зерттеу авторларының айтуынша, мұндай қызметкерлер айына қыруар табыс табуы мүмкін. Сарапшылар бұл жағдай қашықтан жұмыс істеудің кең таралғанына және IT саласында нақты нәтижені өлшеудің қиындығына байланысты екенін айтады.

Тэгтер:

Еңбек нарығы Стэнфорд IT маманы