Әлемдегі ең танымал тиктокер бет-жүзін 1 млрд долларға сатып жіберді

Бүгін, 18:15 / Ербұлан Қайрат
сурет: financialexpress.com

Әлемдегі ең танымал тиктокер Хаби Лейм бет-жүзін шамамен $1 млрд-қа сатып жіберді, деп хабарлайды turkystan.kz financialexpress.com.

Әлемге әйгілі тиктокер, италиялық-сенегалдық блогер Хаби Лейм жеке брендін пайдалану құқығын үш жылға $975 млн-ға (шамамен 73 млрд теңге) беретін ірі келісім жасады. Келісім аясында оның сырт келбеті, бейнесі және контент ұсыну стилі толықтай коммерциялық айналымға шығады.

Шарт бойынша сатып алушы Хаби Леймнің жасанды интеллект негізіндегі цифрлық аватарын жасауға рұқсат алған. Бұл ИИ-көшірме өздігінен контент шығарып, әртүрлі уақыт белдеулеріне бейімделген ұзақ коммерциялық трансляциялар жүргізе алады. Яғни блогер физикалық түрде қатыспай-ақ, интернетте тәулік бойы «жұмыс істей» береді.

Сарапшылар бұл келісімді инфлюенсерлер индустриясындағы бетбұрыс сәт деп бағалап отыр. Жеке бренд алғаш рет жасанды интеллект элементтері бар толыққанды цифрлық активке айналды. Бұл жарнама нарығын түбегейлі өзгертіп, әлеуметтік желілердегі танымалдылықты монетизациялаудың жаңа стандартын қалыптастыруы мүмкін.

Қысқасы, Хаби Лейм енді жеке тұлға ғана емес, толыққанды цифрлық франшиза.

Тэгтер:

тиктокер франшиза