Екібастұзда екі жасөспірімнің мәйіті табылды

Бүгін, 10:01 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Екібастұзда екі күннің ішінде суицид жасаған 17 жастағы екі жасөспірім табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Екеуі де бұрын бір сыныпта бірге оқыған.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

«Полиция өз-өзіне қол жұмсау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғады. Оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады», — делінген хабарламада.

Жасөспірімдердің қаза болғаны туралы алғашқы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Кейін олардың бір-бірімен дос болғаны белгілі болды. Марқұмдардың бірі мектепте оқыған, екіншісі колледж студенті болған. Екеуі де өз үйлерінде өз-өзіне қол жұмсаған, мәйіттерін туыстары тапқан. Қыз бала бозбаладан екі күннен кейін көз жұмған.