Полиция қызметкерлері Telegram әлеуметтік желісінде заңсыз есірткі интернет-дүкенін ашып, Атырау қаласы аумағында есірткіні таратумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды.
Атырау облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Атырау облысы прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бірнеше азаматты ұстаған.
Тексеру барысында 1994 жылы туған күдікті интернет-дүкенді басқарып, өзінен басқа заңсыз қызметке 5 адамды тартқаны анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.