Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

Бүгін, 05:38 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

27 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде бұрқасын болып, тұман басады. Сондай-ақ қар да жауады. Ал кейбір өңірде желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Жетісу облысының солтүстігінде, батысында түнде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының батысын, оңтүстігін, орталығын түнде және таңертең тұман басып, көктайғақ болады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 20-22 градус қатты аяз қысады. Ал Ақтауда көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Петропавлды да тұман басады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысының солтүстігін тұман басады.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында түнде, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Қызылордада таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі. Кей уақытта тұман болуы ықтимал.

Ұлытау облысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігін, оңтүстігін, орталығын тұман басады.

Қостанай облысының оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Қарағанды облысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысын, солтүстігін, оңтүстігін тұман басады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі.

26-28 қаңтарда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақытта тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, 27-28 қаңтарда облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Алматыда түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қонаевты түнде және таңертең тұман басып, жолдарда көктайғақ болады.