Жандарбек Бұлғақов әлеуметтік желіде әнші Yenlik орындайтын BIPL әніне қатысты айтқан сынынан кейін белең алған ерекше форматтағы пікірталас жалғасын тапты. Оның бұл сынын ретсіз деп санаған Балғынбек Имашев Жандарбек пен Сырым Әуезханға жыр арнаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Балғынбектен мұндай күтпеген Жандарбек пен Сырым жауапсыз қалмады. Айтыскер ақынға арнап, қағытпа ән шығарды. Олардың бұл әніне Балғынбек те жауап берген. Ол жауапқа бұл жолы да қарымта табыла кетті. Алайда "Жанысырым" аталып кеткен топ заманауи жаңа жырларына Айнұр Тұрсынбаеваны да қосқан.
Видеоны Сырым Әуезхан әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.
"@balgynbek_imash ағаға жауап", - деп жазылған мәтінде.