Ақcай қаласында жеке тұрғын үй өртеніп, үш адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
25 қаңтар күні кешкі уақытта Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 101 пультіне Ақсай қаласындағы Солтүстік көшеде орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшелері тұрғын үйдің толықтай отқа оранғанын анықтады. Өртті сөндіру барысында үй ішінен үш адамның мәйіті табылып, сыртқа шығарылды. Өрт толық сөндірілді, жанған аумақ шамамен 90 шаршы метрді құрады.
Өртті сөндіруге БҚО ТЖД-ның 14 қызметкері мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.
Ресми мәліметке сәйкес, аталған тұрғын үйде бір адам ғана тұрған.