Қасым-Жомарт Тоқаев: Отанға деген сүйіспеншілік – саяси ұпай жинау немесе қызметтік мансап жасау емес

Бүгін, 15:00 / Дана Ізтілеуова
Ақорда

Мемлекет басшысы Бас прокуратурада өткен жиында тәртіпсіздік пен заңсыздыққа жол беруге болмайтынын бас айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Ұлттық құрылтай отырысында мен отаншылдық ұғымы туралы пікірімді айттым. Отаншылдық, бұл жай ұран емес, отаншылдық дегеніміз – қасиетті сезім, мұның әсіреұлтшылдыққа еш қатысы жоқ. Қазақстанда біз отаншылдық ұғымына жауапкершілік және жасампаздық тұрғысынан қарауымыз керек, яғни отаншыл азамат ең алдымен жауапкершілігі жоғары және жасампаз азамат болуға тиіс. Отанға деген сүйіспеншілік – саяси ұпай жинау немесе қызметтік мансап жасау емес, бұл – Отаныңа жақсылық жасау, еліңе пайда әкелу деген сөз», – дейді Президент.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев Отанға деген сүйіспеншілік