Стамбул (Түркия) қаласында IIA дивизионы аясында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Соңғы матчта Қазақстан әйелдер құрамасы жоғары дивизионға жолдама алу үшін бақ сынады. Отандастарымыз Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Қазақстандықтар алғаш болып есеп ашқанымен, үшінші кезеңде қарсылас команда бес шайба соғып, 5:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Оңтүстік Корея құрамасы бір жыл бұрын шығып қалған IB дивизионына қайта оралды. Ал Қазақстан құрамасы өткен жылғы нәтижесін қайталап, екінші орынға ие болды.