Қазақстанда жуғыш заттар өндірісі артты – статистика

Бүгін, 14:12 / Дана Ізтілеуова
cleanco.kz

Елімізде жуғыш заттар өндірісі 22 пайызға артты, деп хабарлайды turkystan.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2025 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанда жуғыш заттар өндірісі 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,4% артты. Жалпы өндіріс көлемі – 22,9 мың тонна. Жуғыш заттар импорты да 22,4% өсті. Өткен жылдың 11 айында елге 214,4 мың тонна өнім импортталды, ал 2024 жылдың қаңтар–қараша айларында бұл көрсеткіш 175,1 мың тонна болды. Сырттан әкелінген өнімнің нарықтағы үлес салмағы – 47,5%. Сонымен қатар, жуғыш заттар экспорты 1,3% қысқарды. 2025 жылдың қаңтар–қараша айларында 20,7 мың тонна өнім экспортталды. Ішкі нарықта өткен жылдың 11 айында 410,2 мың тонна жуғыш зат сатылды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,4% көп.

Тэгтер:

жуғыш заттар жуғыш заттар өндірісі