Алматылық «Қайрат» футбол клубы қақпашы Шерхан Қалмұрзамен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Клубтың баспасөз ұызметінң мәліметінше, жаңа келісім 2028 жылдың 30 қараша дейін есептелген.
Айта кетейік, 18 жастағы «Қайрат» қақпашысы команданың негізгі құрамында ойнағаннан кейін әлеуметтік желілерде ең танымал футболшыға айналды.
Шерхан «Спортинг» командасына қарсы ойында пенальтиді тоқтата білді, ал кейін Алматыда Мадридтің «Реал» командасына қарсы матч өткізді.
Қазір ол Қазақстандағы ең танымал спортшылардың TOP-15 қатарына енген.