Түркияның Ыстанбұл қаласында WKF каратэден 2026 жылдың алғашқы Премьер-лига санатындағы бәсекесі аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Финалда Ұлттық құраманың 2 өкілі қарсыласын ұтып, алтын медаль жеңіп алды. Кумитэ бағдарламасында -55 кг салмақта Бэлла Самашева Нина Квасникованы (Словакия) 2-1 есебімен ұтты. Ал санаулы сəттер бұрын Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Дүниежүзілік ойындардың чемпионы Софья Берульцева (+68 кг) Непал өкілі Арика Гурунгты айқын басымдықпен жеңді.
Осылайша, каратэден Қазақстан құрамасы Ыстанбұлдағы Премьер-лига турнирін 2 алтынмен жалпыкомандалық есепте 3-орында қорытындылады.
Жалпыкомандалық есеп:
1. Мысыр (2 алтын, 3 күміс, 1 қола)
2. Түркия (2 алтын, 2 күміс)
3. Қазақстан (2 алтын)
4. Жапония (1 алтын, 2 күміс, 6 қола)
Айта кетейік, каратэден Премьер-лига санатындағы бәсекеге әлем рейтингіндегі ТОП-32 спортшы ғана қатыса алады. Қазақстан командасы сапында Түркияға 13 отандасымыз барды.