Шекарадан 100 тоннадан астам мұнай алып өтпек болған қылмыстық топ ұсталды

Шекарадан 100 тоннадан астам мұнай алып өтпек болған қылмыстық топ ұсталды

Шекарадан 100 тоннадан астам мұнай алып өтпек болған қылмыстық топ ұсталды
ашық дереккөзі
Қазақстан және Ресей азаматтарынан құрылған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың он төрт мүшесі Атырауда мұнай ұрлады деген күдікпен ұсталды. Күдіктілер жалған құжат жасап, шекарадан 100 тоннадан астам мұнай алып өтпек болған, деп хабарлады "Мой город".  Қылмыстық топ 14-15 сәуірде Атырау облысы бойынша ҰҚК департаменті мен прокуратура бірлесіп жүргізген жедел-іздеу шаралары барысында ұсталыпты. Құқықбұзушылар жалған құжаттар жасап, алты жүк көлігімен 100 тоннадан астам мұнайды мемлекеттік шекарадан алып өтпек болған. Аталған деректер бойынша облыстық ҰҚК департаменті сот алды тергеу ісін бастады.