Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов «Sport+Qazaqstan» YouTube арнасына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты сыр шертті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сұхбаттың үзіндісін журналист Найма Нұрәлі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Онда спортшы болашақ жарынымен қалай танысқанын ашық айтты.
«Келіншегімді ата-анам таныстырды. Анама уәде бергенмін. “Қыз тапсаңыз, осы қыз маған ұнайды” деп айтсаңыз, сол адамға үйленемін дегенмін. Үлкен бір сапарда жүрген кезде сол сапарда танысқанбыз», — деді Елдос Сметов.
Елдос Сметов 2017 жылы отбасын құрған. Оның жұбайының есімі – Балауса Әділжан.