«Ықпалы бар адамдар тарапынан қарсылыққа тап болдым»: Серік Сәпиев үндеу жасады (ВИДЕО)

Бүгін, 19:32 / Нұрлан Әлинұр
Коллаж: turkystan.kz

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев халыққа үн қатып, соңғы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ол жағдайдың жеке немесе тұрмыстық жанжал емес екенін атап, спорт саласындағы заңсыз әрекеттерге қарсы әрекет еткенін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Құрметті қазақстандықтар! Ең алдымен, қолдау білдірген баршаңызға алғыс айтамын. Халықтың қолдауы мен үшін ең үлкен құндылық», – деді Серік Сәпиев.

Чемпион оқиғаға қатысты нақты түсініктеме берді.

«Бұл жеке немесе тұрмыстық жанжал емес. Аймақта жасырын ықпалы бар кейбір адамдар тарапынан қарсылыққа тап болдым. Облыстық спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ротациялауға әрекет жасалып, оған менің орынбасарым да қатысқан. Мен бұл заңсыз әрекеттерді тоқтаттым, соның салдары осы жағдайға әкелді», – деді ол.

Серік Сәпиев ашық мәлімдеді: «Мемлекет басшысы айтқандай, қазақстандық спорттағы жүйелі реформаларды жүзеге асыру жолындағы мұндай арандатушылықтар біздің шешімімізді шайқалтпайды. Барлықтарыңызға рақмет! Қазақтың күші – бірлікте!»