Танымал әнші Айдана Меденова KeshYOU тобынан кетуінің шынайы себебін айтты. Ол бұл туралы Аман Тасығанның “TALKLIKE” жобасына берген сұхбатында өміріндегі әртүрлі кезеңдерге тоқталып, көптен бері көпшілікті қызықтырған сұраққа нақты жауап берді деп жазады turkystan.kz.
Айдананың айтуынша, топтан кеткен кезеңде ол туралы түрлі алыпқашпа әңгімелер тараған. Көпшілік оны келісімшартты мерзімінен бұрын бұзып кетті деп айыптағанымен, әнші бұл пікірлерге сол кезде жауап бермегенін айтты.
«Сол уақытта адамдар мен туралы небір әңгіме айтты. Контракттың соңына дейін жетпей кетіп қалды деді. Бірақ мен ол кезде үндемедім. Сол себепті продюсерлермен арада аздаған реніштер болды», – дейді ол.
Әнші KeshYOU-дан кеткісі келмегенін де жасырмады. Оның сөзінше, топтағы үштікті шын жүректен жақсы көрген.
«Мен KeshYOU-дан кеткім келмеді. Ол трионы қатты жақсы көретінмін. Контракт аяқталған соң тағы бір жыл бірге жұмыс істедік», – деп еске алды Айдана.