Теннисші Әмір Омарханов Испаниядағы турнирде чемпион атанды

24 қаңтар, 2026 / Нұрлан Әлинұр
ҚТФ

Қазақстандық теннисші, 18 жастағы Әмір Омарханов жұптық сында Манакор (Испания) ITF M15 турнирінде топ жарды.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Ә.Омарханов америкалық Гэвин Янгпен бірге төрт матч өткізді.

Қазақстандық-америкалық дуэт жартылай финалда ұлыбританиялықтар Джо Литер — Маркус Вальтерстен 6:2, 6:3 есебімен басым түсті.

Соңғы бәсекеде аустралиялық Тай Хост — ресейлік Егор Плешивцевпен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партия 7:5 есебімен аустралиялық-ресейлік жұптың еншісіне жазылды. 

Екіншісінде Омарханов — Янг есе қайырды — 6:3. Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды — 10:8.

Әмір Омарханов жекелей сында екінші айналымда тартысты матчта болгариялық, 17 жастағы Иван Ивановқа жол берді — 5:7, 7:6 (7:3), 3:6.